Feed on
Posts
Comments

Судың да сұрауы бар

1.Ертіс неге есіліп ақпайды?

Үкімет халыққа су үнемдеуді Европадан үйретіп, «ыдыс-аяқ жуған суға- еден жууды үйретіп», краннан аққан әр тамшы суды алтынға балап жатқанымен , арнасы суалып бара жатқан Ертіс пен Іле туралы ойлану үкіметтің емес,тек экологтардың ғана жұмысы болып қалғаны, бізді алаңдатады.
«Судың да сұрауы бар!» дейді атам қазақ.Бірақ бүгін краннан аққан тамшылардан ақша жасап алтын сауып отырған дөкейлер,олардың сойылын соғып отырған үкімет Қытайдың алып аранына есепсіз кеткен. Ертіс пен Іленің суын сұрайтын түрі жоқ.Тек «екі елмен сыртқы өзендер туралы келісім жасалған.Қытай Іле мен Ертістің арнасының ең төменгі шегінен асырмайды!» деген шығарып салды ақпаратын таратқанымен «ең төменгі деңгей» дегеннің не екенін және сол «төменгі деңгейді» Қазақстан жағынан кімнің қалай бақылап,анықтайтынын айтатын емес.Оның есебіне арнасы суалған Ертістен қыста балықтар тұншығып қырылып,жағасы қурап бара жатқанын,Іледен қорек алатын Қапшағай мен Балқаштың аясы барған сайын тарылып,уақыт өте келе Аралдың тағдырын кешеме деген қауіпті айтып, ақпарат құралдары шулап жатыр.Қос шекараның бер жағындағы Ертіс пен Іленің жағдайын қазір Қазақстан халқы көріп,біліп отыр.Сөздің басын шекараның ар жағындағы Ертіс пен Іленің жағдайына бұрайық.
Алдымен Ертістің басынан бастайық сөзді.Ертіс өзенінің басы Қытайдың Алтай аймағына қарасты Көктоғай аталатын ауданынан басталады.Ертістің Көктоғай ауданындағы басы бал Ертіс пен қара Ертіс атты екі екі тармақ Алтай тауының бөктеріне түскенде қу Ертіс болып бір тармаққа жиналады.Қу Ертіс -арнасы ат ағызар арынды өзен.Ал, Ақдала Алтай тауын бөктерлеген Алтайдың Шіңгіл,Көктоғай,Бурылтоғай,Алтай ауданы, Буыршын ауданы,Жеменей ауданы,Қаба ауданы қатарлы жеті Қазақ ауданды алып жатқан ұланқайыр жазық- Ақдала деп аталы.Ақдала аталуының өзі де біздің
Сарыарқа сияқты шөлейтті,суы тапшы қуарып жататына қарап қойылған болса керек.Ақдала- сан ғасырлық тарихтан бері Алтай керейлерінің күзеулігі болып келе жатқан жер.Қазақ даласын басып алған Қызыл Қытай 50 жылдан бері Ақдаладан шығатын 40- тан астам түсті металл,көмір кені,темір кендерін місе тұтпай,Ертісті бөгеп,су шығарып, аржақ-бержағына көз жетпейтін осы Ақдалаға Ішкі қытайдағы құмырсқадай қаптаған қытайларды көшіруді тездетіп қолға алды.

Суретте тың жер ашуға келген Қытайлар. Зуқа батыр мекені – Белқұдықта.

Сонымен Қара Ертістің суын Қытай бірінші Көктоғай ауданна қарасты әйгелі Зуқа батырдың мекені Белқұдықтың Өртең деген жерінен бөгеп,биіктігі төрт метр,енді сегіз метірлік су сіңбейтін тоған алып,Ақдалаға шығарып,оған мыңдаған қытай отбасыларын көшіріп, орналастырды. «Тың жерді игеруге келген» қытайлар бірнеше жыл өтпей, жергілікті қазақтардың күзеулігі мен көктеулігіне арналған қораларын,жайылымдарын басып алып,жергілікті халықтың тіршілік аясын тарылта түсті.Іс мұнымен бітпеді.

Жер бетінен 13м биік,ұзындығы 1240 км Үрімжі мен Қарамайлыға кетіп жатқан тоған

Араны ашылған Қытай үкіметі Қара Ертісті екінші рет Көктоғай мен Бурылтоғай ауданының шекарасынан бөгеп, жылдық су сақтау, қуаты 33.8 млрд м3 келетін су қоймасын және ГЭС салумен қатар, Ертіс суын Ақдалаға бастап, неше он мыңдаған қытай отбасыларын орналастырды.Осы жоба арқылы Қытай үкіметі Ақдаланы игеруге келген қытайларды су мен энергиямен қамтамасыз етип қана қоймай,Ертіс өзенін жер бетінен биіктігі 13 метр , жалпы ұзындығы 1240 км келетін су сіңбейтін тоған арқылы Бурылтоғай жазығынан өткізіп, Жоңғар даласына жеткенде, екі бағытқа, бірі-Батыс Оңтүстіктегі әйгілі Қарамайлы мұнай алабына,екіншісін- Оңтүстікке қарай бастап,алып шаһар -Үрімжіге жеткізіп,аталмыш қаланы сумен қамдауды жолға қойып отыр.

635 құрылыс су қоймасы

Алтайдан Жоңғарға дейінгі құлан жортқан ақдала,Жоңғар даласындағы қойдай өрген қоңыр аңдар, сол жердің тарихи иесі- қазақтардың жылқылары үйірімен келіп,сол тоғаннан су ішуге келгенде, тоғанға ағып, қынадай қырылуда.Ал Ертістен тоғанға түсіп,таяз жерінде қайрандап қырылған балықтар туралы айтудың өзі артық.Осылай 635 құрылыстың игілігін Қытай көріп,азабын Қазақ пен даланың қоңыр аңдары тартып жатыр.

Қайраңдап қалған балықтар

Ертісті үшінші рет Ертісті Буыршын ауданына қарасты Қарасия деген жерден буып,су сіңбейтін тоған арқылы Бурылтоғай ауданына қарасты Үліңгір көліне құйып жатыр.Ал, басы- Алтайдың Монғолия жақ теріскей бетінен Бұлғын өзені деп басталып,Алтайдың күн бетіне жеткен соң Үліңгір өзені деп аталып,Буырлтоғай ауданындағы Үліңгір көліне құятын Ертістің бір сыңары-Үліңгір өзенін де Шіңгіл,Көктоғай,Бурылтоғай қатарлы үш ауданнан неше жерден су қоймаларын салып,су сіңбейтін тоғандар арқылы Үліңгір бойындағы шөлейтті даланы ашамыз деп,ақыры Үліңгір өзенінің түбіне жетіп тынған еді.Үліңгір өзенінің тартылуы салдарынан Үліңгір көлі аталған алып айдынды көл тартылып,Бурылтоғай ауданы халқы тұзды боранның астында қалған.Осы жағдайды шешу үшін Қытай үкіметі бір өзенді бір өзенге қотарып,Ертіс өзеннің сыртқы ағыс өзені екеніне,өзенді пайдаланудың халқаралық ережелеріне пысқырып та қарамай,ойына келгенін істеуде.Жоғарыда аты аталған үш құрылыс- мемлекеттік дәрежедегі жобалар.Ал осы үш құрылыстың арасында ондаған су қоймалары мен ГЭС- тер туралы айтудың өзі артық.

суретте:Қарамайлы қаласына жеткен ертіс өзені

Жоғарыда аталған үш ірі мемлекеттік дәрежелі үш жобаның салдарынан Қытайдан келетін Ертіс өзенінің суы жылдан-жылға,күннен- күнге азайып,Ертіс жағасында экологиялық апаттардың қауіпін күннен- күнге ауырлатып отыр.Ертіс өзені- үш елге ортақ халқаралық өзен болғанымен,Ертісті Қытай өз қалауынша сырапшылдықпен пайдаланып жатса да оған қарсы нақты шаралар қабылданғанын көріп отырған жоқпыз.Ал Ресейді қазірше Ертіс жағдайы алаңдата қоймайды,себебі Ертістің Ресей елінен өтетін бөлігінде Ертіске құятын өзендер көп,су қоры мол,суға деген қажеттілік аз .Өйткені халық қоныстанбаган иен жер. Сондықтан да Ертістің зардабын шегіп, азабын қазірше тек Қазақстан ғана тартады.Қытайдың бассыздығына тосқауыл қойып,Ертісті үш елдің ортақ,заңды пайдалану жолын тауып,Ертіс суын бақылауға алмаса Қытай тұс-тұсқа жырып алып,арнасы таязып,жылап аққан Ертіспен бірге бізде жыларармыз бір күні. Ертіс енді есіліп ақпайды….

келесі мақалада Іле туралы ой өрбітеміз…

Поделиться в соц. сетях

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ozin ozi oltrgender narazi halikАҚШ тың мемлекет хатшысы Хилари жақында харверд университетінде оқыған лекцисында, Қытайдың болашағы жөнінде болжам жасап, 20 жылдан кейін Қытай дүниедегі ең кедей елге айналады деп кесім жасап,оған төмендегідей дәлел келтіріп отыр!
1.Қытайлардың шетелге қоныс аудару жағдайын алып қарағанда 90%мәнсаптілеры мен 80%байлары шетінен шетелге көшіп жатыр!жане шетелге кету құжаттарын бітіруде.бір елдің билік басындағы шонжарлары мен ақшалы байлары не үшін өз отанына соншама сенімсіздікпен қарайтыны адамды таңғалдырады!

2. Қытайлқтар жеке азаматпен отанның алдында қандай жауапкершілік пен міндет барын түсінбейді.тұтас әлемде,халқаралық қауымдастықтарда қандай міндет пен жауапкершілік барлығын мүлде түсінбейді!оқу-ағарту мен мемлекет ахпарат медиалары халыққа басқа елді ,яғыный басқа ұлтты жау етіп көрсетуге ұмтылып,жұрттың ақихатпен шындыққа деген көзғарасын алжастырады!
3. Қытай дүниедегі бірден бір дінсіз,қорқыншты ел.халқының таынатыны тек билік пен байлық қана.тым өзімшіл.жанашырлық пен сүйспеншілік жоғалуға айналған мұндай ел халқаралық қоғамда қандай сеніммен құрметке ие болмақ?
4.Қытай үкіметіндегі саясат тек қана халықты алдап,адамгершілікке опасыздық жасаудан ғана тұрады.халық бұрын биліктің құлы еді,бірте- бірте ақшаның құлы болуда!
5. көптеген қазіргі Қытайдықтар шынайы бедел мен құрмет өмірдің шынайы мәні екенін үйреніп көрмеген.олар үшін тек билік пен ақша ғана нағыз өмір,нағыз тұрмыс,нағыз таыс.тұтас тарихтан алып қарғанда халықтың шіріктесу,азғындау,суынуы әрқашан сол елдің құрып,жоғалуына апарып соққан!
6.жүгенсіздікпен ортаны ластау,тәбиғи байлықтарды құтырына ашу,қолдану,сату өзге елдерді қатты алаңдатады.мұндай сырапшылылдықты жалғыз жер ана көтере алмайды!
Хилери тағы «Қытай үкіметі үнемі халықтың назарын өзге мемлекеттерге аударып жібереді де өз қателіктері мен былықтарын жасырып,өз жүктерін жеңілдетеді!
Шындығын айтқанда кеш болмай тұрғанда адамзат мәдениетіне ілесіп,реформа жасауды қолға алып,халықтың тұрмысын көтеріп,демократиялық құндылықтарды қорғауға көңіл бөлу керек.Қытай билігі үнемі жауапкерсіздікпен зорлықты түрде халықты қанап,басып-жаншымауы керек.егер қазірден бастап дұрыс жол таңдамай кете бергенде Қытай барған сайын орнықсыздық пен тұрақсыздықтың отанына айналып,халықтың дүрбелең басталып,ауыр апаттар туындайды. 20 жылдан соң Қытай дүиедегі ең кедей мемлекеттердің біріне айналады.бұл жүйеден бүкіл адамзаттың жүйеден АҚШ тың да тағдыры!»деп өз тұжырымдарын алға тартты.
Азуын айға білеген ,әлемдік экономикада екінші орынды ұстайтын алып айдағар Қытай елі туралы туралы айтылған 6 тұжырымның біздің елге де сәйкес келуі мүмкін.олай болса бізде бүгіннен бастап ойлануымыз керек.
http://www.tianya.cn/publicforum/content/develop/1/1017004.shtml

Поделиться в соц. сетях

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

Ашық хат

Қытай Халық Респуликасы халық үкіметіне:
Қытай Халық Республикасы сыртқы істер минстірлігіне
Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Бас елшілгіне:

Ашық хат

Қытай Халық Республикасының интернет ақпарат құралдарының ішіндегі ықпалды, таралымы кең электронды ақпарат құралдарының бірі болып саналатын Шинлаң (sina.com.cn) сайтында Қазақ халқының салт-дәстүрін бұрмалау, қорлау, және мазақ ету мақсатымен жазылған мақала жарық көрді. «Естелік» ретінде жазылған мақаланың авторы Хұң Бау: «Қазақ қонақшыл халық, қонағын күткені сондай қонағына қой сойып,ет беріп күтумен қоймай, қойнына ұзатылмаған үлкен қызын салып береді!» деп, Қазақтың салт-дәстүрінде жоқ, Қазақ халқының ұлттық ар-намысына тиетін жалған оқиғаны өз басынан өткен шындық ретінде жариялады Қытай азаматы Ху Хұң Бау Қазақ халқын масқаралауға арналған осы өтірігі Қытай елінде тұратын
Қазақтарда ғана емес, сан ғасыр көрші отырған Қазақ елінің азаматтарының, біздердің де ашу-ызамызды туғызды.
Өкінішке орай, бұл шығарма ҚХР сайттарында қазақты қорлау бағытындағы жазылған бірінші мақала емес екенін естеріңізге саламыз.
1986 жылы Хұң Баудың «Алыстағы ақ отау» деген кітабында «атасы алғаш түскен келінін бірінші астына басады, сондықтан тұңғыш немересін өз баласы етіп, баурына алады» деген, ешқандай шындыққа жанаспайтын. ұлтымыздың ұлттық намысын қорлайтын шығармасы ақпарат құралдарында жарияланған болатын. Ал осыдан бір жыл бұрын Уаң лиды деген ҚХР азаматы да осыған ұқсас жалған мәлімет таратқан еді. Бірақ бұлардың барлығы Қытай үкіметі тарапынан ешқандай жауапкершілікке тартылмады.

Осындай ойдан шығарылған, ұлттың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрін бұрмалап , мазақтап, масқаралап беретін «естеліктер» тек Қазақ халқын ғана емес, әлемдегі барлық түркі, мұсылман халықтарының да намысына тиіп, ашу ызасын қозғайтын аса күрделі ұлтаралық мәселе. Бұл «естеліктің» Қытай ақпарат құралдарында ашық жариялануы «бейбіт қатар тұру мен ұлттар теңдігін дәріптеу» саясатын ұстанған ҚХР үкіметі мен қытай халқына абырой әкелмейтіні және екі елдің арасындағы достық қарым-қатынастың дамуына кедергі келтіретіні де анық.

Біздер, Қазақстандық қоғамдық ұйымдар өкілдері мен жеке азаматтар, Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Бас елшісіне осы Ашық хатты тапсыра отырып, ҚХР халық үкіметіне төмендегідей ұсыныс айтамыз:

1. Қытай меншігі болып саналатын және Қытай халық үкіметінің бақылауында болған sina.com.cn сайтына бақылау жасай отырып, өзге ұлттың ұлттық ар-намысын қорлайтын, Қазақ халқының абыройына дақ түсіретін теріс ақпаратты төрт жыл бойы сайтқа қоюға жол берген жауапты қызметкерлерді қатаң жазалауын сұраймыз;
2. ҚХР ақпарат құралы болып саналатын шинлаң сайты өзге ұлттардың ар-намысын қорлайтын жалған ақпаратты еш тексермей, жауапкерсіздікпен сайтқа салғаны үшін және осы жалған ақпаратты төрт жыл бойы қойғаны үшін Шинлаң сайты және сайт жауаптысын жазалауды дұрыс деп есептеймыз;
3. ҚХР дағы аз ұлттар туралы қисынсыз әрі намысын қорлайтын арсыз пікір таратқан,шындыққа жанаспайтын шығарма жариялаған әрі осындай ұлт араздығын тудыратын қылмысын қайталағаны үшін Қытай азаматы Ху Хұң Бау Қытай халқы мен Қазақ халқының арасына от тастап, екі елдің көршілік тату қатынасына қасақана арандату әрекетін жасағаны үшін ҚХР қылмыстық істер заңының 250-тармағында көрсетілген «аз санды ұлттарды кемсіткен және қорлаған шығармаларды баспадан шығару қылмысы үшін» қатаң жазаға тартылуы тиіс екендігін еске саламыз;
Осы ұсыныс талаптарымыз орындалмаған жағдайда Қазақстандағы ұлттық ұйымдар мен , қоғамдық қозғалыстармен бірге барлық намысы қорланған Қазақ жастары халықаралық құқық қорғау ұйымдарына шағымданамыз, Астана қаласындағы ҚХР елшілігі алдында наразылық шарасын өткіземіз.

Қол қоюшылар:
Болат Әбілев ( Жалпы социал демократиялық партиясының төрағасы)
Рысбек Сәрсенбай ұлы (Жас Алаш газетінің редакторы)
Мэлс Елеусізов (Тәбиғат-Эко одағының төрағасы)
Маржан Аспандиарова ( құқық қорғаушы)
Нұрлан Бакирланов (Азат партиясының мұшесы)

Дос Көшім (қоғам қайраткері, Ұлт тағдыры қозғалысының төрағасы )
Құсайынов Тұрарбек (Ұлы дала республикалық қозғалысының аппарат жетекшісі)
Әсем Әлмұханбет
Асылқан Әбдірайымұлы
Айбол Айнақұлов (журналист)
Бақытгүл Мәтінбай (Дат газеті)
Серғазы Мұхтарбек (Қазақстан газетінің бас редакторы)
Гүлмира Гриболдинова (Дат газеті)
Мерүрерт Турлыбекова (Жас алаш газеті)
Молдағали Мәтқан (Жазушы, академик)
Нүсіпов Мұрат
Агелов Ғалым Есенбайұлы (ОФ Либерти)
Дүйсенбі Болат (Қоғам қайраткері)
Нарымбаев Ермек
Мұхтар Тайжан (Қоғам қайраткері)
Мұсағали Дуажбаев (ОФ Ұлттық антикорупциялық комитет)
Құлкерім Елемес (Ақын, қоғам қайраткері)
Серік Мұратхан (медциналық техниканың аға Инженері)
Асель назаралы (Ақын)
Қажымұқан Ғабдолла, (“Батыс Алаш” Қоғамдық бірлестігінің төрағасы)
Асет Ахмедия (физика PHD докторы)
Дубек Қазыкен (биотехнология PHD докторы)
Қадылбек Тоқан (аға дәрігер)
Ержан Сұлтанов ( ұтқыр байланыс аға инженері)
Ерғазы Акімбаев (энергетика аға инженері)
Макпал Кожаканов (журналист)
Ермек Тілеген (журналист)
Аязгуль Темирова ( ұстаз)
Сетерхан Қаден инженер
Қуаныш Мұқтай, ақын.
Нағашыбай Есмырзаев, аудармашы.
Еркін Карин, журналіс.
Айболат Бөкенов, журналіс.
Қымбат Жолдығұлқызы, журналіс.
Ізгілік Нағиев журналист
Жандос Құсайынов журналист
Күнсұлтан Отарбай Республикалық “Sport” азетінің жауапты хатшысы
Нұрсұлу Аққұлова
Мырзабек Жанат
Серсен қызай «Алматы ақшамы» газетының фототілшісі
Зайра Сәбитова
Ибраһим Байтөре
Қадырәлі Бақытжан

Поделиться в соц. сетях

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

Қытай 2014-2015 жылдары қаржы дағдарысына ұшырауы мүмкін!!

Көптеген адамдар қытай экономикасын тау кезікседе сүзіп ,көл кезіксе бұзып өтетін ,алмайтын қамалы жоқ,батырдай елестетеді.әлемнің басқа елдері күн санап ауырласқан дағдарысқа малтығып жатқанда,қытай дағдарысты шыбын құрлы көрмей «басқа шауып,төске өрлеп»барады.бір қыдыру байлық жане билік иелері Қытайша « мемлекет кампитализимін»осызаманғы жаһандық дағдарыстарға төтеп беретін құдыретты қару ретінде қарастырды.
Расында солай ма? мен оларға жеті рет өлшеп,бір рет кес деп кеңес берер едім.олшеп,бір кес деп кеңес айтар едім.

Мемлекет капитализмі бағаны құрбандыққа шалды.
Қытай елінде тұрған уақтымның ұзара түсуіне байланысты қытай экономикалық құрылымының құлап,қытай экономикасының тоқырайтындығына күманім қалмады.Қытай экономикасын зерттеуші толып жатқан экономистер сан-алуан айғақтарын алға тартып, «Қытай өз алдына оқшау,дара ерекшеліктерге ие мемлекет,сондықтан бұл елдің даму үрдісі жалпыға үйлесетін экономикалық заңдылықтарға бағынбайды!» деп жалықпай айтуда.
Бырақ түптеп келгенде экономикалық мәселелер математика заңдылықтарынан тысқары ешқайда қашып құтыла алмайды.ал сан-цифрлар мемлекет экономикасының көлемімен,экономиканың өсу қарқынымен ,мемлекеттің бет-беделімен санаспайды. Қытай мемлекетіне қарата айтқанда олардың сан-цифрларынан мәселе шықты.ал бұл мәселелердің көпшілігі осы атамлмыш «мемлекет капитализм»мен тығыз байланысты
Қытайдың ұстанып келе жатқан даму үрдісі Жапониядан бастау алған азияның дәстүрлі даму үлгісі.шығыс азия елдері ұқсамаған дәрежеде

Осы жолды ұстанған.жалпылай айтқанда олар
Бірінші:төмен еңбек ақы арқылы капиталдың қорлануын тездетіп,қаржы қосу көлемін зорайту арқылы өнеркасіптену мен шетке шығару үлесін үлесін жоғарлатып,экономиканы қысқа уақыт ішінде тез көтеру.
Екінші: мемлекет машинасы арқылы экономика дамуының жалпы барысын меңгеру.
Үшінші:өндіру салалары саясаты мен үкімет құйған қаржысын қос жетекшілік әсерінде озық,маңдай алды,бетке басар салалардың дамуын тездету.
Міне осындай даму үрдісімен қысқа уақыт ішінде орасан зор экономикалық дамудың жетістіктерге қол жеткізуге болады.алайда бұл құрылым уақыт сынағына жарамсыз.бір күні күр күйрейді.Жапон экономикасы 1990 жылдың басында күйреді.жане әліге дейін толық қалпына келе алған жоқ.Жапон үлгісін ең алдымен көшіріп қолданған оңтүстік корея елі 1997-1998 жылдағы азия дағдарысының соққысына оңбай ұшырады.

Сіра,тегі не болды?анғына келсек мұндай даму үрдісі бағаны құрбандыққа шалу сынды бодаудың арқасында келеді.Алис.Амустан оңтүстік корея экономикасын зерттеп жазған еңбегінде бұл құбылысты «бағаның өз орнын таппауы»деп атаған еді.қаржыны молайту,даму қарқынын артыру үшін үкімет арнаулы салаларға немесе орындарға тікелей қаржыны салады,не болмаса ерекше үстеме жеңілдіктер,елден ерекше қолайлықтар жаратып береді.осы әдіс арқылы осы орындардың қаржы баурау қуатын қолдан көтермелейді.сондай-ақ осы орындардың ұшырайтын қаржы қауып-қатерін төмендетеді.банктер сауда-өнеркәсіптерге жетекшілік еткеннен гөрі көбінесе үкіметің тарауларды дамыту-теңшеудегі құралына айналып кеткен.жоғарыдағы әрекеттердің барлығы қоғамнан,жекелерден қор топтап,оны өнеркәсіптенуге жұмсап,азия экономикасында таңғаларлық нәтижелерге ие болды.
Алайда бағаның базарда орын таппай,шексіз кете беруіне болмайды.басты мәселе міне осы тұста тұр.классикалық экономика ғалымдары базар арқылы бағаның орнын тұрақтандыуға құлшынып келеді.тек осылай болғанда ғана даму болашағы зор қаржыгерлер базар тамырын дүп басып танып ұстай алады .әрі олардың қаржысы базар нұсқаған бағытта айналымға түседі.ал бағаның шамалануы бұрмаланады екен,онда қаржы қосу тура бағыттан жаңылады .
бағаны қолдан жасау арқылы қалыптасқан азия даму үрдісі сөз жоқ байлықтың сырап болуы мен шамадан тыс қажеттен артылуды келітіріп шығарды.үстеме жеңілдіктерге ие болған өндіріс компаниялар осындай жеңілдіктерге ие бола алмаған компаниялар сыяқты артық-кемін,тиын-тебенге дейін есептеп отырмайды.осының кесірінен олар қаржылық талғамды,таңдауды қате жасайды.пайда-зиянды жіңішкелеп есептеп,ескермегендіктен олар басы артық,қажетке аспайтын өнідіріс орындарын ,құрылыстарды көптеп сала береді. ақырында, қарыз ақшасын қайтарып ала алмай,банктер жабылады.Жапониямен оңтүстік корея бастарынан дәл осындай жағдайды кешірген болатын.бұл жағдай екі елде екі түрлі көрініспен жүз берген болатын.Жапония экономикасының көбіршігін қазына-мүлік бағасының айрықша қымбаттауы жарған болса,Оңтүстік кореяны сыртқы дағдарыстың соққысы бұзды.алайда екі ел экономикасының тоқырауының негізгі себебі-алашағын жыя алмай қалған банк,қарызға белшесінен батқан кәсіпорын жане арнасына түспеген қаржы болатын.
қорқыттың кұйы естыле бастады

Жапониямен оңтүстік корея даму үлгісіне жуық үрдіспен Қытай үдіре тартып барады.асып түспесе кем түсіп жатқан жері жоқ!
Қытай ішкі өнім құны жалпы ішкіөнім көрсеткіштен (GDP) қаржының ұстайтын үлесі 50% ке жеткен. басқа жерді былай қойғанда,азияның өлшемімен алып қарасақ та, бұнымыз өте жоғары болып тұр.жылжымайтын мүліккес салынған қисапсыз көп қаржы туралы жақтаушылардың әдетте айтатыны,Қытай сынды даму үстіндегі алып елдің дамуына қажетты тұраржай жане жол салу үшін бұл қаржылар әуелі аздық етеді.мен бұған бүкілдей қосыламын.алайда,маселе Қытайдың қанша қаржыны қажет ететіндігінде емес,қаржының қалай дұрыс жұмсалуында тұр. І іс-жүзінде болат-темір,энергетикалық кәсіпорындар ақшаны оңды-солды судай шашып,келсін-келмесін заовдтар құрды.бұл ақшалар түгелдей банктен алған несиелер еді. бұдан сырт,Қытай көптеген жоғары қарқынды темір жолдарды салды.қыруар қаржы жұмсалған осы темір жолдардың қызығын халық жұртшылығы көре алмады.үйткені,билет бағасы өте қымбат. керісінше,Қытайдың басым көп санды негізгі қалаларында әлі күнге дейын метролар жоқ.
бағдарынан жаңылған қаржының енді бірі жылжымайтын мүлік саласы.теория бойынша айтқанда,үй-мүлік құрылысын игеру қытайдың қалалану үрдісінің айналып оте алмайтын жолы.деседе,қытайдың қандай сипаттағы үй-мүлікті игеріп жатқанына назар аудару қажет.қарапайым,бағасы орташа тұрғын үйлер сұранысты қамдап жетісе алмай жатқан кезде элиталы,қымбат үйлерді салу шектен тыс салу көзсіздік болып саналады.Пекин қаласындағы мен тұратын тұрғын үйдің үш жағында үш үлкен сауда сарайы бар,бырақ оларда қайшалысып жатқан халықты көрмеймін.
Тіпті ең сорақысы,қытайдың басым көп санды қаржысы қарыз ақшаға сүйенеді.кезекте, бұл жағдай Қытайға кері әсер тудыра қойған жоқ.алайда сарапшылар күндердің күнінде банк жүйесі үйлесімсіз қарыз есебінің молаюы сынды мәселеге акеліп соғады деп алаңдайды.
жоғарыдағы аталған жағдайлардыңсоңы дағдарысқа әкеліп соғуы мүмкін. қалпытан тыс қаржының қате бағытта жұмсалуы,үйлесімсіз тарқатылған несиелер үкімет мәнсаптылары қолдаған жылжымайтын мүлік құрылысының кең көлемде етек жаюы қатарлы факторларды өз ішіне алған дағларыс қазірден бастап менмұндалап көзге шалынып келеді.экономикалық даму бағытын жаңадан ретке салмайтын болса үлкен дағдарыстың болатыны сөзсіз!
қарсы келуге болмайтын негізгі заңдылықтар

Қытайлық қаржы қадағалаушыларға өз көзқарасымды айта бастағанымда үнемі сынға ұшырайтынымын. олар маған Пекиндегі атқарушы топ бұл мәселелерді әлде-қашан оңап қойған десетін.айтып-айтпай,Қытай көшбасшылары жақынғы жылдардағы аласапыран экономика өзгерістерінде аса парасаттылық танытты. алайда,кешегі табыс,өткен күннің жетыстгі ешқашан ертеңгі натижеге,келер күннің жемісіне кепілдік бере алмайды.мұны әсіресе қор-биржа қаржыгерлері түсінеді. 20-ғасырдың 70-80-жылдарында,батыстың сарапшылары Жапон басшыларын әулиедей көрды.ал,қазыр сол ескі сүрдектен жазбай келе жатқан үкімет мансаптылары экономиканы қалпына келтіруге оралғы болды! Деген жазғыруға ұшырауда.осы сәтте Қытай экономикасы Жапондардың жолымен айнымай жүріп к келеді.Қытайдың билеушілері де экономиканы қолдан меңгеріп-теңшеуге болады деген сенімдерінен ауытқымады.
Классикалық экономика ғылымының бағаны ұстау заңдылықтары олардың құлағына кірып те шықпады.банк жұйелері басшының жүйкесімен ғана жұмыс жүргізетін болса, абстрактті шаралармен,айталық,құн өсімдерін жолға қойып,экономикаға жетекшілік етудің қажеті қаншалық?
міне дәл осындай пиғыл Жапон экономикасын тұралатты. байқаймын,Қытай экономикасы да осындай пиғыл күшейіп келеді. математикалық ең негізгі заңдылықтарды Жапоня өзгерте алған жоқ.сондықтан,Қытай басшылары мейлі қандай ұлы адамдар болсын,бәрібір ең негізгі математикалық заңдылықтарынан қашып құтыла алмақ емес.
егер алда болатын дағдарыстың дәл уақытын долбарлап көретін болсақ,тарихи сабақтарға негізделіп қортынды шғаруымызға болады.Жапон мен Оңтүстік Корея елдеры азия үлгісын жолға қойып,35 жылдан соң күйреуге тап болды. Жапон 20ғасырдың 50жылдарынан бастап гүлдене бастап, 1989-жылға келгенде тұралады. Оңтүстік Корея 1962- 1997-жылға дейін жалғасты.осы бойынша есептегенде,Қытайдың дағдарысы 2014 -2015жылдары жарыққа шығуы мүмкін.
мұнда мен болашақты болжап,сәуегейлік істейін деп отырғам жоқ. менің айтпақ ойым Қытайға,дағдарыстың ауылы алыс емес. Қытай экономиканы тұралатпау үшін дер кезінде шаралар қабылдау керек.
авторы: Майкел шуман. бұл мақала Америка ‹дәуір› журналынан алынды.

2012.9.14
Қытайшадан аударған Күлтегін сайтындағы Аку

Поделиться в соц. сетях

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

айдың күннің аманында «Арқанкергенде онбес қазақ солдатының өлі денесі табылды!» осы сұмдық хабар жүрегіме қызыл шоқ басып алғандай болып,өз өзіме келе алмай,қаным қайнап,әлде кімнен осы боздақтар үшін кек алғым келді.бырақ белгісіз жауды қайдан,қалай іздеп табамын?
Болған уақиға туралы ахпарат құралдары мен жазғыштар өз жорамалдарын айтып,әр түрлі болжам жасап жатыр.
-Қытайдан дәрі шөп іздеп келетін қаңғыбас қытайлар қырып кетіпті.
-Қытаймен Қазақстанның арасы өте жақын болғанын қаламайтын орыстың арнайы қызметінің ісі.
-Әлімжеттілік көріп,әбден қорланған басқа ұлт уәкілі өз саптастарын бір түнде қырып тастапты.
-Шегарадан Қытайға есірткі өткізіп жүрген қылмыстық ұйымдардың қақтығысы екен!
Қалай десекте,қай болжам болсада біздің он бес жаунгер еш бодаусыз қаза болды. «билік шындықты жасырып отыр!»деп жазармандар ұлардай шулағанмен біз өзмізге керек бір шындықты өзіміз көріп,тануымыз керек.ол шындық мынау:
Шұбаршиде аң мылтықпен,шолақ мылтықпен қаруланған тоғыз жігіт,темір құрсанған,оқ өткізбес сауыт киген Қазақстанның арнайы жасағына бет қаратпай атыс беріп,бесеуін оққа ұшырып,қаншасын жаралады.
Таразда қару-жарақ дүкенінен аң мылтық олжалаған жалғыз жігіт тапа-талтүсте тараз көшесін кезіп жүріп,мұздай қаруланған ішікі істердің жаунгерлерін командирмен қоса жетісін жер жастандырды.
Алматыда үйді бекініс еткен қазақ жігіттері арнайы жасақпен таң атқанша атысып,бірнеше жаунгерді оққа ұстады.
Енді міне шегара күзетіп тұрған он бес азаматты айдың күннің аманында белгісіз жау тырып еткізбей,бір тал оқ шығартпай қырып кетті.
Осы жағдайларды тізбектей отырып шығаратын қортынды мынау!біздің Қазақстанның солдаттары жау қайдан келседе,кім болсада қарсы жақтан осал түсіп отыр.біз мойындайтын,мән беретін шындық осы!
Біздің жаунгерлер ерекше жаттығудан,қатаң тәртіптен өткен болса неге шайқас кезінде зор бодау беріп,қарсы жақтан десі қайтып жатады?жаудан үстем тұру үшін біздің жаунгерлерге не жетіспейді? «Отан үшін жанпида!»деген сенім бе, «ажал Алладан!!»деген иман ба? «тәртіпке бағынған құл болмайды!»дегендей тәртіп пе? Жоқ,бейбіт күнде сақтықтан айрылған бойкүйез бейғамдықпа?
Мен ойласам Шұбаршиде,Таразда,Алматыда болған атыстарда қарсы жақтағыҚазақ жігітінің Қазақ солдатынан жалғыз ғана үстемдігі болды.ол болат құрсанған сауыт та емес,қатаң тәртіптен өткен жаттығуда емес,озық отқаруда емес,ол әсіре сақтықпен «өлсек шаһитпыз!»деген сенімде болды.
Өткен тарихта ат үстін төсек,аспанды жамылғы еткен біздің ата бабаларымыз-Қазақ сарбаздары сан ғасырлық қасап жорықтарда қан кешседе «өзекті жанға бір өлім,ажал алладан!» , «отан үшін өлсек шаһитпыз,тірі болсақ қазымыз!»деген жүрегінде үлкен иман болды,Қазақша айтсақ сенім,нартауекел болды.өзі ұйқтасада,жүрек көзі ояу болды.соның арқасында қапы қалған кезі аз болды.соның
арқасында мына байтақ далаға ие болдық!
Жазғыштардың «жау қайдалап!» шындықты айтпаған үкіметті кіналағаны орынды да шығар!алайда жау қайдан болсада кімнен болсада оған бодаусыз құрбандық болып жатқанмыздың себебіне үңілу бұл биліктен еститін шындықтан да үлкен шындық деген ой келеді.бізде Қазақтың солдатымыз,қатаң тәртіптен,соғыстық жаттығудан өттік,әр түрлі озық қаруды меңгердік.алайда біздің жүрегімізде иман- Аллаға деген тәуекел, бабамызға тән қырағылықпен сақтық,өз ұлтымызға,отандасымызға деген баурмалдық,қимастық,адамгершілік сезім үстемдік құрып отырма?егер осы қасиеттер болмаса бізді өз-өзіміз де,жауда қыпда қазаға ұшыратады…
олай болса ел болып,жазарман,оқырман болып іздеп жүрген шындық,шындық болғанда біздің ертеңге керек шындық керек.ол шындық ел қорғап жүрген,етең ел қорғайтын азаматтың жүрегінде иман,ұлттық,мемлекеттік бірлік сенімі ұялау керек.ұялату керек.сонда ғана қапыда қайғы жұтып қалмаймыз.
Қапыда қаза болған баурларым,топырақтарың торқа,жандарың жаннатта болсын!!!

Поделиться в соц. сетях

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki


Ресей президентігіне кандидат Владимир Жириновский үнемі араққа,нашақорлыққа салынып,өз әйелдеріне ие бола алмай қалған орыс еркектері туралы,бала табудан қашатын ,шетелдіктерге,шетелдіктің ішінде жұмысқа мықты,күй талғамайтын шығыстағы қысық көз, қытайларға тұрмысқа шығып, «ұлы Россия»ға қауіп төндіріп отырған орыс әйелдері туралы кейде ашуланып,кейде жынданып айтады да жүреді.
қазір қиыр шығыстағы Қытай шегарасындағы орыс қыстақтарын қойып,орыс орманның ішіне кіріп,жер егіп,қатын алып ұрпақ өсіріп жатқан қытайлар тіптті ай сайын,күн сайын көбейіп келеді…
Бұрын «орыстар да қазақтарда қытайдың байшкештеріне ақшаға бола тиеді!» десек,енді Орыс әйелдерін құшақтап,ақсары балаларын шұбыртқан қытайдың қара табан дихандары күн-күнге көбейіп келеді.орыс елінде отырақтасып жатқан қытайдың күс табан дихандарының бала-шағасымен түскен суреттері қытай сайттарында мақтаншпен ілінуде.
Енді бір 20 жылда «ұлы Россия»ның қытай жиендері өсуден қалған орыс жан-санына «өсім» беріп,халық санына серпін беріп,уақыт өте келе орыс саясатына араласа бастауы да бек мүмкін.қалай десекте қанша жерден аюмын деп,империялық пиғылдан арыла алмай келе жатқан аюдай қопал,икемсіз орыс елінің іштен іріп,бір жағын бірте –бірте қытай кеміріп,бір жағын кафказдық мұсылмандар кеміріп,бір кездегі жарқырған күні батуға айналып бара жатқанын көрген Жирик жыламай қайтсын!жылайды да!!!жынды болсада отаны үшін күйініп,күйзелгені де.ал біздегі ақылдылар Жириновский ге күле қарағанмен елі үшін Жириновскийдей күйзеле алама екен??

Поделиться в соц. сетях

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

Қырғыздың төкпе ақыны Әлі Тұтқышовтың сұхбаты

Жақында Қазақстан егемендігінің 20 жылдығына қарсы Астана қаласында төкпе ақындар айтысы болып өтті. Бұл айтысқа Қырғызстан атынан Әлі Тұтқышов пен Жеңісбек Жұмақадыр қатысты. Халықаралық деңгейде өткен Астанадағы айтысқа Қытай, Өзбекстан, Монғолия және Қазақстаннан жалпы есебі 42 ақын қатысқан болатын. Нәтижесінде біздің Қырғыз елінің атынан қатысқан Әлі Тұтқышов үшінші орынды алды.

-Әлі мырза,жеңісіңізбен құттықтаймыз! Алдымен айтыстың ұйымдастыру деңгейі қалай болғанын айтып өтсеңіз…

-Рахмет! Қазақстанда өтетін айтысқа бізден үш ақын шақыртқан. Алайда, біз Жеңісбек Жұмақадыр екеуміз ғана бардық. Басында бізге: «Жол ақысы,жатын орын,тамақ ақысы өзімізден болады!»деген еді. Алайда, Астанаға барған соң бар шығынды өзіміз көтердік. Айтысқа жиналған 42 ақынның екеуі қырғыз, қалғаны қазақ. Астанаға алыстан ат арытып жеткенде: «Сіздер кешігіп қалдыңыздар!»деп бізге қонақ үйден орын бермеді. Ал, қалған 40 қазақ қонақ үйде сый сияпаттың астында қалды. Біз қонақ үйден орын тимегесін Астанадағы Қырғыз ағайындардың үйінде барып қонып тұрдық. Үш күнге созылған айтысқа Астананың сықырлаған аязымен алысып, 20 минуттық жерден қатынадық.

-Айтысты ұйымдастырушыларға бұл туралы ескертпедіңіздер ме?!

-Айтыс басталғанда Қазақ ақындары «Біз қонағын құдайдай сыйлаған елміз,қонағын күтіп ал»деп қақсап жырлай бастады. Сол кезде мен:«Ілгеріде Қырғыз Қазақ қонағын сыйлағанды қойып үйге кірген жыланның да басына ақ құйып шығарып тастаушы еді, Астанға айтысқа келгенде сыйларыңды көрдік. Астанаға 42 ақын келді, 40 Қазақ қонақ үймен сыйланды, 2 қырғыз болды орын таппай қиналды!»дедім. Бұл сөзіміз жоғарыға жеткен болар,айтыс аяғында телефон шалушылар болды. Айтыс біткесін сонда қызмет етіп жүргендер жамырай келіп, арқамыздан қағып: «Қонақ үй де даяр,кешке бізбен бірге кешкі қонақасыда болдыңдар»деді. Біз: «Кеше айтпаған соң бүгін айтып не керек,сұрап берген тамағың сумен тең!»дедік те, шақырудан бас тарттық!

- Жеңісбек Жұмақадырды неге айтыстырмай қойды?

-Айтысқа шығар алдында ұйымдастырушылар ақындарды жинап алып: «Сіздер тек Қазақстанның өсіп-өркендегенін, егемендік алып, Астанадай қала құрып жатқанын мақтап, мадақтаңдар! Егер де жаман жағын шұқылап, кемшін тұсын айтсаңдар айтыстан шығарамыз!»деген талап қойды. Ал маған қарсы шыққан ақыны ә дегеннен қырғызды жамандады,патшаларымызды қаралады,бара – бара жағадан алды. Бірақ оған бола айтысты тоқтатқан жоқ. Талап бойынша ел арасына ірткі салып,бір ұлтты жамандаған ақынды айтыстан шығару керек болатын.Олай істемеді. Бізді тұсаған аттай тұқыртқанмен, өздерінің ақындарын еркіне жіберді. Содан кейін Жеңісбек Байекемен айтысқан Қазақ ақыны тағы да Қырғызды басынып «Сіздер, призденттеріңді дуылдап сайлайсыңдар, қошеметтеп майлайсыңдар,содан кейін қуалап айдайсыңдар! Атамбаевты сайладыңдар, енді майлап жатырсыңдар,қашан қуалап айдайсыңдар?» деп жырлады.Жеңіс Байеке бұған шыдап тұра алама? Сөзге-сөз келгесін қарап тұра ма: «Манастан қалған ұлмыз,мемлекетті қорласа Маңқаларды да қуамыз!» деп шорт кесті. Сонымен айтыс тоқтатылды.

-Сізбен айтысқан ақының да әлеуеті күшті ме екен?

-Шынымды айтсам бұлар біздегідей суырып салып айтысып,тартыспайды екен. Алғаш айналымда Ринат Зайытовпен айтыстым. Теледидардан көргенде Қазақ ақындары ойлы келеді деген пікірде едім. Керсінше, осы жолы таң қалдым. Үйден дайындалып, жаттағанын қоймаса, Қазақ елінен суырып салатын ақын қалмай, айтыс өнері Қазақстаннан жоғалып кетеді. Мәселен, менімен айтысқан Ринат Зайытов ертесіне Қытайдан келген Қазақ ақынымен айтыспай қойды.Сондағы Қазақстандық бір ақынмен жақын сөйлесіп: «Ринат неге Қытайдан келген ақынмен айтыспай қойды?»деп сұрасам, Қазақ ақыны: «Мен саған шынымды айтайын,бізде суырып салып айтысатын үш төрт ақын ғана бар,қалғандары көбінесе жазып,дайындалып айтысады.Ринат сенімен айтысу үшін екі ай бұрын дайындалған. Ал ана Қытайдан келген Қазақ жұлқынып тұрған, сурып салма ақын екен. Ринат оған алдын ала дайындалмағандықтан айтысудан бас тартты !»деді.

- Қырғыздан барған екі ақынның бірін айтыстан шығарып тастағаны әділ болмапты…

-Қырғызда «Қарнымның ашқанына емес, қадірімнің кеткеніне жылаймын»деген мақал бар. Қазақтардың бізге жасаған мәмілесіне қарап отырып,мемлекетіміздің әлсіз болғанына ішім ашиды.Біздің өлкеміз де өсіп-өркендесе, саяси у-шудан арылып, дүниеге шуымен емес жыры мен,соғысумен емес қомузмен танылса, біз де жақсы жақтарымызбен мақтансақ деп ойлайды екенсің. Биыл бірінші рет шақырып жатса да осындай боларын алдын-ала сезген едім. Бұл айтысқа барғым келмеген. Бірақ, қырғыздың намысы үшін барамыз деп шешкенбіз!

-Сіз қырғыз ақындары арасында үнемі бас жүлдені еншілейсіз. Қазақстаннан үшінші орын алып келгенде, біз де таңдандық…

-Таң қалмау керек. Өйткені, біз Қазақстанға кетерде журналистер телефон соғып, ойымызды сұрады. Сонда мен: «Қазақтар бізге ешқашан бас бәйгесін бермеген. Бермейді де! Олар жеңіліп тұрса да өз ақынын жеңімпаз етеді. Сондықтан біз осы жолы бәйге алу үшін емес, намыс үшін барамыз! Егер біздің көзіміз жоқ болса, бізді отырып жамандай береді. Ең болмаса, біреуіміз барып жауап берелік» дедім.

-Демек Қырғыздарды жау санаған Қазақтардың жаңбырдай жауған сөзіне көкіректеріңді тосқан екесіздер ғой?

-Бас бәйге,бірінші,екінші орынды алған ақындармен мені айтыстырған да жоқ. Бізде талап етіп айтыстырып,сұрап отырып айтыстырып,соңында үздік шыққан ақын жеңімпаз болады. Ал бұларда жалпылай айтыстырып,қалаған ұпайларын беріп, жібере салады екен. Егер бізді алдыңғы орын алған ақындармен айтыстырса, біздің күш-қуатымыз,дәрежеміз көрінер еді. Алғаш менімен айтысқан Ринат:
…Қырғыздың тең жартысы,
Базарында қазақтың,
Ас-киімін тауып жүр.
Біраз қызың біз жақта
Саудаға тәнін салып жүр.
Еркектерің ентігіп,
Құрылыста жанын бағып жүр!-дегенде мен:

Айналайын бауырым,
Қырғыз қурап жатқан жоқ!
Қазақ жырғап жатқан жоқ,
Жырғап жатса егер де,
Шу бойынан өтерде,
Жалаң аяқ қарт ана,
шемішке сатып күнелте ме!
Біз сондай қырғыздар
Еш заңыңа көнбеген,
Алатаудың қасқыры.
Ақиқатты айтып ерлікпен,
Жасаған бұл өзі,
Қырғыздардың дәстүрі.
Басшыдан қорықпайды қырғызым,
Қырғыздан қорқады бастығы.
Міне, осындай емес пе,
Егемен елімнің шаттығы.
Ей, бауырым, Ринат,
Қырғыздардың қарызы,
Білсең екі милиард,
Ал қазақтың қарызы,
124 милиард!
Біз алсақ қарыз осындай,
Бір Астана аз болад,
Алты Астана саламыз-дедім.

Ертесінде айтыс аяқталып,залда тұрсақ бір Қазақ ақсақалы келіп: «Сен қырғыз ақынмысың, нағыз азаматсың!Кеше айтысқа келе алмай қалдым. «7 арна» жаңалықтарынан сенің қарыз туралы айтқан өлеңіңді естідім. Әкелші,қолыңызды алып қояйын. Қазақтың ақындары қазір бұлай айта алмайды, рухы,батылдары жетпейді» -деп қолымды алып, разылығын білдіріп, батасын берді.

-Айтыс соңында сізге қалпақ кигізіп, шапан жауып, домбыра беріп, сый көрсетіпті. Оны қалай қабылдадыңыз?

-Жоғарыда айтқандай, «екі елдің ортасына араздық салатын сөзді айтпа!»-деп біздің аузымызды буып,өздеріңнің ақындарыңа ерік бердіңдер, «енді мені финалға өткердіңдер,енді менде өз ойымды еркін айтып,айтарымды айтып қаламын!» дедім. Айтыс қазылары бүкіл ел көзінше «Біздің ақындар айтыс барысында Қырғыз ақындарына дұрыс емес сөздер айтқаны үшін Қырғыз ақындарынан кешірім сұраймыз!»-деді. Екіншіден, Ринат Зайытов «Ақ үйдың жылуына жылынатын,саясаты сағатта құбылатын.Қырғыз болғым келмейді,Қырғыз болғым,бір-бірімен соғысып қырылатын!»деді

Ринаттан кейін Қазақ ақыны Айнұр Тұрсынбава мен айтыстым.Айнұр шыққанда: «Енді Қырғыз туралы бір ауыр сөз айтып көрсін, Қазақтың былықтарын шығарайын!»-дедім. Бірақ, Айнұр керсінше Қырғыздарды мақтап отырып алды. «Сыйлағанға тас ататын Қырғыздың салтында жоқ!» деп мен де Ринаттай орынсыз балақтап алып, аузымды бұлғамадым.

Айтыс біткесін Айнұр ақын «Жыр елді қастастыру үшін емес, достастыру үшін! Артық сөз естісеңіз,кешіріңіз!»-деп маған өалпақ кигізіп,шапан жауып,домбыра сыйлады. Бір кездері Қырғыздарды жүндей түтіп, жамандап айтыс жасап жүрген Қазақ ақындарына жауап беріп,бізді кемсіткендерден кешірім сұратқанымыздың өзі үлкен жеңіс болды.

Поделиться в соц. сетях

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

<a href=”http://kokjal.kazjur.kz/files/2011/12/түркі-елдері.jpg”>

- сіз Қазақстан тәуелсіздік алғанда қайда болдыңыз? Және ел тәуелсіздігін қалай,қандай жағдайда естідіңіз?
- Қазақстан тәуелсіздік алғанда мен Қытайдың Алтай аймағында екінші клас оқып жүрген болатынмын. мектептен үйге келгенімде бір топ үлкен кісілер жыйналып ,гулетіп әңгіме соғып тұрғанын көріп, сол кісілер арасында бардым. ол кісілердің сөзінен ұққаным совет одағы құлап, Қазақстан бөлініп бөлек шаңырақ көтеріпті. есімде қалуынша сол үлкен жаңалықты шеттегі Қазақтар Азаттық радиосы арқылы Хасен Өралтай ағамыз аузынан естіді.
-екінші класта оқып жатқан бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның балалары егемен ел деген ұғымды құлағына құйып, көкейіне тоқып өсіп жатыр. ал өзге елде, жат қолында өскен жеті жастағы бала сол кез егемен, тәуелсіздік дегенді қалай түсінді? ол кез Қазақстан жайлы не білуші едіңіз?
-шынымды айтсам мен ол кез егемендік деген сөзді толық түсінбейтінмін. «Қазақстан егемендік алыпты»деген сөзді «Совет одағы құлап,Қазақстан бөлек ел болпты, Қазақ азат болыпты!» деп түсіндім. ес біліп, етек жапқаннан бері Қытай Қазақтары жағынан құрылған Шығыс Түркістан Республикасы туралы, Қытайдан бөлек ел болып, кейін Қытай қызыл үкіметі жағынан құлағаны туралы сол кезде азаттық үшін күрескен аталарымыздан түнді таңға жалғап талай естіген болатынмын. сондықтан Тәуелсіз ел болу деген ұғым мен үшін жат емес болатын. ал Қазақстан жайлы білерім мен үшін ол кезде Қазақстан –Алматы, Алматы– Қазақстан болатын. сол кезде радиодан еститін «бұл қала арман қала,мәңгі от боп жанған қала,көк жасыл орман қала,Алматым жүрегімде!» деген әлде бір әншінің сызылтып салған әнімен арманым алысқа қанат қағатын…
-шетте өскен Қазақ ретінде Отан деген ұғымды қалай түсінер едің?Қазір «қай ұлт болсаңда бәрі бір, қайда туылсаң, сол ел сенің отаның!» деген ұғым қалыптасып келе жатыр…
-мен үшін Қазақтың бір ғана отаны бар, ол Қазақстан. әрине отарда қалған туған жеріңді ұмыта алмайсың, өмір бойы сағынасың, бырақ мен тек өзім жеке адам ретінде ғана емес, Қазақ деген ұлттың уәкілі ретіндегі де жауапкершілік пен міндетімді сезінемін, сондықтан мен Қазақ ұлтының бір уәкілі ретінде өзі отаныма келіп еңбек етуді өзімнің парызым санаймын. деседе шетелдегі кей Қазақтар өз туған елін «өз отаным!» деп санап келмей жатса, болмаса Қазақстандағы басқа ұлттар өз тарихи отаны бола тұра «Қазақстан менің отаным!» деп кетпей жатса оғанда қарсы емеспін. әр кім өз жүрегінің әмірін тыңдайды. бырақ қанына тартпаған адам өз ұлтын сүйе алмаған адам өзге ұлтты да сүйіп қарық қылмайды деп ойлаймын…
әуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында болғалы жатқан парламент сайлауы бұрынғы сайлаулардан өзгерек болады деген болжам бар. сайлау басекесіне бақ сынап жатқан партиялар жане олардың көтерген бағдарламалары мен ұрандары сені толық қанағаттандырама?
-Шынымды айтсам, «сайлау бұрынғыдан өзгеше болып өтеді» дегенге мен сенбеймін. әрине алдын ала жоспарланған ценари бойынша Нұротаннан басқа екі партия парламентке келер. бырақ қолдан жасалған ондай көзбояушылықтан не пайда? ал партиялар туралы сөз қозғасам мен елімізде белгілі жүйелі идеяға топталған партия бар деп ойламаймын. бізде партиялар белгілі мақсат пен идеяны негіз етіп топтасқаннан көрі жеке толғалардың беделіне сүйенетіндіктен мен партияларға сенгеннен көрі жеке толғаларға сенемін.
Ал партиялардың көтеріп жатқан мәселелеріне келсек, мысал ретінде Жармахан Тұяқбайдың ЖҰСДП мен Серікжан Мамбеталиның Руханият Партиясын келтірсек алдынғы партия елдың экономикалық жағдайын, халықтың тұрмысын жақсартуды ұран етсе, екінші партия Қазақ тілі мәселесін, евроазиялық одаққа қарсылықты өздерінің негізгі ұраны етіп отыр. дұрыс-ақ ұран. алайда сол екі партия көтеріп отырған ұранды орындайтын негізгі шарт ұмытылып қала берді…
-Сен үшін партиялар көтеруге тисті ең негізгі мәселе не деп ойлайсың?
-2003 жылы қабылданған жер кодексінен кейін Қазақ қазір жерсіз ұлтқа айналды. алғашында «тек егістік жерлер ғана жекешелендіріледі» деп уәде берген үкімет кейін сол заңды қамырша илеп, тауды да тасты да, өзенді де көлді де биліктегілерге, оның туыс туғандарына, құда жегжаттарына, сыбайлас шонжарларға жекешеледндіріп берді. қазір әлемде 9 орында тұратын жері бар Қазақстан елінде иесіз пайдалануға жарамды бір сүйем жер жоқ десе болады.
«жер жекешеленген жоқ!» деп заңды көрсетіп, өз істерін билік басындағылар қанша жасырғанымен қазір кез келген қарапайым қазақ жердің сатылып, жекеге беріліп болғанын бәрі біледі. жер бетінде табаны тиіп жүрген қанша Қазақ болса, енді өмірге келетін қанша қазақ болса бәрінің де бұл Қазақ жерінен үлес алу құқығы бар. үйткені осы ұлан-байтақ жерді қорғау үшін бәріміздің бабамыз қан мен терін төкті. ондай болса бүгінгі күні сол бабадан қалған ортақ мұра неге аз сандағы адамдардың иелігінде болу керек? Жармахан ағамыз көтеріп отырғандай халықтың экономикалық әл ауқатын көтеруде, Шаханов ағамыз шырылдағандай Қазақ тілді ел болу бүгінгі күн үшін де ертең үшін де маңызды шығар. алайда ертең Қазақ жерсіз қалса жақсы тұрмыс та, қазақ тілі де далада қалады. жерден айрылу деген сөз бәріне айрылу деген сөз! Қазір соңғы кезде Қазақстанда «исслам экстремистері бас көтерді, атыс- шабыс орын алды!» деп шулап жатырмыз. бырақ ертең тірі қазаққа үй салатын, өлген Қазаққты көметін жер алу қияметтың қыл көпіріне айналғанда атыс шабыстың, «ылаңкестіктің» көкесі сонда болады. өліге де, тіріге де керек жер мәселесі ушыққанда тілің де, дінің де, одаққа қарсылық та бес тиын болады. егер бүгін жер мәселесін шешпесек ертең ашынған жерсіз Қазақтар қолына қару алып бүгінгі «жер иелерінен» жерді қан төгіп тартып алатын болады. сондықтан осы бастан жер мәселесін бүгінгі додаға түсетін партиялар есінен шығармаса дегім келеді.
-тәуелсіздік алғаннан бері елбасына жағымпаздану жарысы қызып тұр деседе болады. тіпті кейінгі екі-үш жылдан бері біздің қоғам жағымпаздықтың шырқау шыңына шықты деседе болады. «ұлт көшбасшысы» , «халық қаһарманы» , «ғасыр ғұламасы» деген атақтар беру арқылы ел басқарған тұлғағаның жеке басына табынушылық, жағымпаздық өршіген қоғамда тіпті азаматтығына қылау шалмаған адам қалмай барады. тіпті қызды қыздымен бір көкеміз қол сүюге дейін барды….
-Қазақ елі өз алдына ел құрып,өзнің басшысы болған бүгінгі күнде өз көсемізге деген көзғарасымызды тек бүгінгі күнмен өлшеуіміз ағаттық болар еді. әрине, еліне еңбек сіңірген Елбасы да, басқада ағаларымыз лайықты баға, атақ алып жатса онда тұрған сөлекеттік жоқ. бырақ кімге болсада нағыз атақ-абройды тек халық жане уақыт береді. сондықтан Елбасыға берілген атақтардың лайықтылығы тек уақтың еншісінде. ал қол сүйіп жатқан ағаларымызға келсек жүздеген жылдар отарда болып, шапқыншы ұлттың көсемдеріне бас ұрып, құдайындай табынып, қор болған біздің аталарымыз, әкелеріміз,ағаларымыз «шіркін,өзімізді өзіміз билейтін тәуелсіз ел болып, қашан өз басшымыз болады!!» деп қаншама арман қылды. міне сонша ғасырлық арманға бүгінгі күні қол жеткізіп отырмыз.осы барыста отарлық жайлаған елде ержеткен біздің аталарымыз, әкелеріміз сол арманына жетіп, өз патшасы болып, оны мадақтап-мадақтап, тіпті аспанға көтеріп, эмоцияға беріліп қолынан сүйіп жатса онда тұрған айып жоқ. оған бола ол ағаларымызды «жағымпаз,сатқын» деу надандық. ал тәуелсіз демократялы елде өсіп ержеткен біздер-жастар осындай қылықтарға,жағымпаздыққа, жеке басқа табынушылыққа барып жатсақ онда бұл масқара. біз алдынғы буын көрген қиындықтарды көргеміз жоқ, ешкім бізді езіп,жаншыған жоқ. Сондықтан көрген түстің елесіндей болып қалған отарлық санадан өзімізді-өзіміз азат етіп, өз жолымызды таба алмасақ, тәуелсіз елдің тәуелсіз ұрпағы бола алмасақ онда бізді тәуелсіздікке жеткізу жолында қан-терін төккен бабалардың да, бүгінгі «тәуелсіз ел құрдық !» деп жүрген ағаларымыздың да еңбегі текке кетті деген сөз.
-тәуелсіздік алған қазақ еліне келіп, бір кісідей еңбек етіп жатқан жастың бірісің.тәуелсіздік саған не берді?
-мен шыр етіп жерге түскеннен ес біліп, алғашқы қоңырау,соңғы қоңырауды естіп, сосын қолға қару алып, азаматтық боршты өтеуге дейінгі азаматтың сөзсіз басып өтуге тисті басқыштарын отарлық саясат астында Қалған қазақ жерінде өткіздім. тәрбиені де, білімді де отарлаушы ұлттың қалауымен алдым.алайда мен оң-солымды танып «менің елім, отаным бар, ол Қазақстан!» деген сөзді жүрегіме түйгеннен кейін бөгде отарлық тәрбиенің де сананың да менің жүрегімнен мекен табуы мүмкін емес еді. тіпті менің еркімді билегісі келетін жат тарбиелер, қысымдар күшейген сайын менің еркім де бекемделіп,рухымда шыңалып отырды. мен жат жерде милярд қытай арасында жүргенде төсегімнің басында Қазақтың көк туы мен Елбасының суреті тұрды. Ол сурет мені жеке басқа табнуға, жағымпаздыққа емес, тәуелсіз Қазақстанға ,тәуелсіз қазақ болуға жетеледі.үйткені көк ту да, приздентте мен үшін тәуелсіздіктің сиволы! мен жат елде жүріп ақ өзімді тәуелсіз елдің тәуелсіз ұлы деп сезіндім.
Бұл күндері мен «ауырдың үстімен, жеңілдің астымен» жүретін, біреуге жалынып, біреуге жағынуға тиіс болатын адам емеспін.екі қолыммен, бір басыммен адал еңбек етіп, асын адал жейтін нақты саланың маманымын.арқандай жерде ешкімнен именбей,аяғым дірілдемей өз көзғарасымды жеткіземін. мен бүгін тәуелсіз елдің тәуелсіз ұлымын деп толық айта аламын.міне бұл күн маған тек тәуелсіздіктің арқасында ғана келді. тәуелсіздік маған бәрін берді.
Сұхбаттасқан:Жәнібек Бабажан

Поделиться в соц. сетях

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

Көш,Көш,Көш!!!

Көш,Көш,Көш!!!
Қазақтың «қара таудың басынан көш келеді…» деп басталатын ән айтқанына қанша ғасыр өткеніне кім білсін,алайда осы көш туралы ән де әңгімеде алі де тоқтар түрі жоқ. Тәуелсіздік алып,еңселі ел боламыз дегенде Елбасы жалпақ жаһандағы Қазаққа сауын айтып «ата жұртқа оралыңдар!» деген ұранмен әлем Қазақтарының көші Қазақ еліне қарай құйылды.21 ғасырдың талабы деп қазақ елі де басқа әлемге қадам тастап, далалық ұлттан қалалық ұлтқа айналамыз деп ауылдан қалаға көшті. Тірлік қамымен, тіршілік көзін іздеп қаладан қалаға, обылыстан обылысқа көшкендер да аз емес. Заманның желі мен тұрмыстың ебімен көштің де түр-түрі көбейіп, түрленіп қана қоймай өзіндік әуре-сарсаңын, қиындығын да шығарып, Қазақ ахпарат құралдары қаужайтын негізгі тақырыптарға айналып отыр. Бырақ көш туралы әңгіме бүгін ғана басталып отырған жоқ, арыдағы тарихи көштерге қалам сілтемей ақ күні кеше ғана өткен көштердің ізіне көз жүгіртіп көрейік…

1.Қарыз қайтару үшін басталған көш

1962 жылғы Қытай-Совет шагарасынан аттылы-жаяу қотарыла көшкен Қазақ көші туралы соңғы кезде көптеген әңгімелер айтылып жүр. Біреулер сол жолғы өткен халық 180 мың адам десе, енді бір жазғыштар 210 мыңға тарта адам дегенді айтады. Сол көштің басы- қасында болған, «сол көшті үгіттеп, ұйымдастырған адамның бірімін» деп жүрген жазушы Қабдеш Жұмаділ ағамыз айтқан дерек бойынша да көшкен Қазақтың ұзын саны 200 мыңнан асып жығылады. Бұл қытайдағы ел ауызында «қаш-қаш» деген атпен белгілі.
Алайда Қытайда тұратын, атын атауды қажет деп таппайтын, сол кезде Қытай үкіметінде лауазымды қызметте болған тағы бір ағамыздың айтуынша 1962 жылғы көштың саны да мәні де мүлде бөлек деген ой айтады.
Қытай қызыл үкіметі құрыла салысымен бастан аяқ Совет одағына арқа сүйеп, Совет қызыл үкіметінің кадырлік жане экономикалық қолдауымен көмегіне сүйеніп келді. Алайда Сталин өлгесін екі жақтың ара қатынасы тұрақты болды деп айтуға болмайтын еді. Совет үкіметі жетекшісі мен Қытай көсемі Мао арасындағы байланыстың нашарлауы екі ел арасындағы қатынасты шиленістіруге алып келді. Совет үкіметі Қытай қызыл үкіметі алған мемілекеттік қарызды тездетіп қайтаруды бұйрыды, егер қарызды қайтара алмаған жағдайда ақша орнына адам беруін талап етті.
Совет одағын астықпен, етпен қамдап отырған Қазақ ССР да соғыстан кейін еңбек күш тапшылығы айқын байқалған еді. Азамат соғысы, ашаршылық, репрессия, дүние жүзілік екінші соғысты бастан кешірген ҚазақССР ға сырттан келетін қара жұмыс істейтін еңбек күш ауадай қажет болатын.
Ал сол жылдары саяси күресті басты орынға қойған Қытай қызыл үкіметіне қарызға қарымтаға адам алу көктен тілегенді жерден берген үлкен орай болды.Қытайға қарулы соғыс алып барып,тәуелсіздік үшін күресіп Республика құрған,кейінн күшпен бағынған Шығыс Түркістандағы Қазақтардың санының азаюы Қытай үшін бөрігін аспанға ататындай жағдай болатын. Сонымен екі ел арасында келісімге қол қойылып, Советтен алған қарызды қайтару үшін Қытай үкіметі 60 мыңнан артық адамды шегарадан өткізіп беруге келісім берді. Адамды қарыз өтеу үшін пайдаланғанын жасыру үшін Қытай үкіметі Совет одағынан 1917 ж, 1933 ж, 1937 жылдары келген Қазақтарға жане басқа кейбір аз ұлттарға 1961 жылдан бастап «Совет гранжданы» деген куәлік бере бастады. Бырақ қызды – қыздымен бұл куәлікті сол жерде неше жүз жылдан бері өмір сүріп жатқан жергілікті Қазақтарғада жаппай тарата бастады. Тіпті қазір Қытайда отырған көптеген Қазақтардың сандығының түбінде «Совет гранжданы» деген куәлік жатыр. Адам арқылы қарыз қайтарудың алғашқы дайындығы біткесін енді екінші қадам басталды.
Совет елшілігі жане Қытай үкіметі қызметкерлері шагаралас отырған Тарбағатай аймағы жане іле аймағындағы аудандарында жане Алтай аймағының шегаралас аудандарында «Советке көшіңдер!» деген үгіт жүргізе бастады. Үгіттің жоғары дәрежеде болғаны сонша сол кездегі шагаралас аймақтардағы халықтың жүрегінде жалғыз ғана арман ол Совет одағы болды. Советке жеткені-комунизмге жеткені деп есептелді. Совет одағы асыра сілтеніп мақталды. Ел іші қатты толқыды.
Сонымен екі үкіметтің белсене үгіттеуінің арқасында 1962 жылғы көш бұрық ете түсті. Қытай үкіметі көшті үгіттеп, ұйымдастырып қана қоймай, сол кездегі шегара аудандармен қалаларда бар барлық үкіметтік жүк машиналарын, автобустарды жане де басқа көліктерді аттанысқа келтірген. Алайда бұл жолғы көшкен ел саны қазіргі ахпарат құралдары жазғандай 200 мыңнан аса адам емес, 61 мыңнан астам адам ғана. Бұған дәлел: сол кездегі нопос (тұрақты тіркеу) мұрағатыннан көшкен адам саны туралы деректер Қытай мұрағаттарында алі сақтаулы. Ал келісімге сай белгілі мөлшердегі адамды өткізіп болған Қытай шагарашылары арт жақта артынып-тартынып келген көшті кейін қайтарып, өтіп кеткен көшті қуған болып өтірік көрініс жасағанда қойған. Алайда адам сұрағанмен еңбек күшке жарайтын адам керек деп келісімді айқындап алмай, еңбекке жарамайтын бала-шаға, кемпір-шалдарды да қоса өткізіп алған Совет үкіметі Қытайға қайта талап қойғанымен «сауда сақал сыйпағанша» деген Қытай қызыл үкіметі босаған Қазақ аудандарға қуана қуана Қытай қызыл армиясының ірі бригадаларын қоныстандырып қарық болды.Сондықтан кейінгі кезде «көш бастаған мен!»деп кеудесін қаққан «көшбасшылар»дың айтқандары бос сөз, сол көштың екі көш басшысы бар, оның бірі Қытай қызыл үкіметі де, екіншісі Совет қызыл үкіметі – дейді сол кезде мемілекеттік автобус отрядтын көшке жұмылдырған іле Қазақ обылысында басшылықта болған қарт ағамыз.

2.«Комунизимге» көшемін деп 30 жыл боқ тазалаған көшбасы

1962 жылғы үлкен дүрмекте бір ауылдың көшін бастап ҚазақССР ға келіп отыз жыл сиыр баққан Жанымхан атамыздың айтуынша сол жылдары Советтік қызыл үкімет те, Қытай қызыл үкіметі де өзін «лақтырып» кеткенін айтып отыр.
Ол кезде бір ауылдың зиялысы, әкімі болып жүрген Жанімхан атамызға Қытай үгітшілері келіп «Советке барсаң ол жақта бұданда жоғары басшылықта боласың, ол жақта Комунизим, үйіңе сүт пен май трубалармен келеді.бір кранды ашып қалсаң сүт, бір кранды ашып қалсаң май ағады!» деген. Өзі басқарып отырған елдің аузын аққа жеткізіп, комунизимге «күміп» етіп түсе қоймақ болған көшбасшы көштың басын шегараға қарай түзеген…
көш алғаш басталғанда аласапыран күндерде Қытай үгітшілері күйеуі алысқа жұмысқа кеткен әйелдерге «күйеуің щегарадан өтіп кетті, сен неге қалғансың,тез, қалмай өт!» десе сыртта оқып жүрген студенттермен сыртта жұмыс бабымен жүрген ерлерді де «үй-іш, бала-шағаң көшіп шагарадан өтіп кетті, енді сенде қалма!»көшті қыздыра түскен. Нәтижеде біреудің бала-шағасы өтіп, әкесі қалса, біреулердің бала- шағасы қалып ,отағасы өтіп кеткен. Сонымен бейбіт заманда отбасы екіге жарылған ел шегараның екі жағында аңырап қалды. Сол жолғы көште бөлінген отбасылар кейін Қымбат апаймыз жүргізетін «бармысың, Баурым?» бағдарламасынан бір-бірін тауып жатты.
Советке келгесін «комунизимге жетемін!» деп келген Жанымхан атамыз Қытайдың жоғары унверситетінде оқыған зиялығына қарамай, Сапхоздың сиырының боғын тазалайтын болып жұмысқа орналасқан. Сонымен сол боқты тура тәуелсіздік алғанға дейін 30 жыл тазалапты7 Ел тәуелсіздік алуымен бірге Жанымхан атамыз да лат жұмыстан тәуелсіздік алыпты.

3.Тәуелсіздік кезідегі тәуелсіз көш

1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін-ақ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Отандастар Отанға оралыңдар!» деген ұрынмен бірге Қазақ еліне төңіректегі көрші елдерден Қазақ көші құйыла бастады. Сол көш міне әр жылдарда әр түрлі қарқын алып, бұл күндері сол кездегі көштің нәтижесінде елімізге бір милионнан астам қандастарымыз оралып, өсіп-өніп, өз елінде азшылық ұстаған Қазақ халқына үлкен күш берді. 1962 жылғы көш пен тәуелсіздік алғаннан кейінгі көштің мәні де мағынасы да басқа. Бұл тәуелсіз елдегі тәуелсіз көш. Бұл көшті үлкен имепиялардың біздің тағдырымызды сырттай шешіп, қарыз үшін, не басқада саяси мақсаттар үшін ұйымдастырылған, жат қолмен жасалған көш емес, өзіміз өз-өзімізді билеп, өзіміз шешім қабылдаған ұлы көш , елге-ел, Қазақ рухына рух қосылған мәнді көш деуге әбден болады, Осы көшті бастау жане оны бүгінге дейін жалғастырып үнемі бақылауында ұстай отырып Қазақстан елінің ғана емес,әлем Қазақтарының көшбасшысы болуға ұмтылу Елбасының Қазақ көсемі ретіндегі үлкен жетістіктерінің бірі!- Дейді отанына оралған көптеген Ақсақал қарасақалдар қауымы.

4.Басы таудай, аяғы қылдай көш

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі тәуелсіз көшті де әр саққа жүгіртетіндер көшпен келген қандастар арасында да, осы елдегі жергілікті қауымнан да табылып жатыр. Олардың айтуынша бұл көш бастапқыда жақсы ниетпен басталған басы таудай болып,ұлы мақсатпен басталғанымен кейбір мысық тілеу қызылкөздердің араласуымен аяғы қылдай көшке айналды -дейді бұл пікірді ұстанатындар. Себеп мынау, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін көптеген орыс,немістер өз тарихи отандарына көшіп, Қазақ даласы қаңғырап қалды, неше жүздеген қалашық пен ауылдар иен қалып, Советтен қалған өндіріс орындары мен милиондаған гектар жерді басып қалған бүгінгі билікті құрап отырған ірлі-ұсақты қожайындарға зор топтағы арзан еңбек күш керек болды, сонымен осы мақсатты көзде ұстаған ірлі-ұсақты қожайындардың қожайындары тәуелсіздікті ұран етіп, шеттегі Қазақтарды арзан еңбек күш ретінде елге шақыра бастады, олар шеттегі Қазақтарды елге шақырып қана қоймай, олардың жағдайының оңалуына қасақана кедергі жасап, жерсіз, үйсіз ұстау арқылы өздеріне жұмыс істеуге мәжүбірлеп, шеттен келген қазақтарды өздеріне қызмет ететін жалдамалыларға айналдырғсы келді. осы жағынан алғанда1962 жылғы көштен бүгінгі көштің айрмасы шамалы дейді. Алайда бүгінгі көш қожайындар жоспарлаған ценаримен өрбімей, көшпен келген келушілер ел ішіндегі билікке наразы, кедей топтарды көбейтетін болғандықтан қазір қағаз жүзінде «Нұрлы көш» немесе басқа көштер туралы айтылып, жазылғанымен, бырақ, іс-жүзінде Тәуелсіздік кезіндегі тәуелсіз көшке кедергілер жасалып, көш тоқтауға жақындап қалды деген пікірлер айтылып отыр.

5.Көшпен келгендермен от көсеу

Ал ел арасындағы көптеген адамдардың айтысынша бүгінгі тәуелсіз көштың тоқтауына қазіргі биліктегі кейбір Қазақ ұлтына қарсы мәңгүрт шенеуніктер мен қазіргі шетте қашып жүрген олигарихтерға тәуелді саяси партияларымен олар иелік ететін ахпарат құралдарының үлесі де зор дейді.
Қазақ билігін қадам сайын аңдып, орынды да орынсыз да сынап, биліктің әр сәтсіздігін өзіне қару етіп жұмсап, ел арасында наразылықты күшейткісі келетін өздерін «тәуелсіз» санайтын ,әлде кімдерге тәуелді ахпарат құралдары күйлі-күйсіз жүрген көшпен келген Қазақтардың билікке өкпелі көңіл-күйін қалт жібермей пайдаланып, оларға көмек берген болып, ахпарат құралдарында өз ыңғайларына келетін сөз айтқызып,қоғамдық пікірді өздеріне ыңғайлы жаққа бұрғысы келді. Сөз көрігін одан ары қыздыра түскені сонша, жергілікті Қазақтың етігінің қоншынан алтын саулап, бәрінің төбесі көк тіреп ел билеп, ұжымақта өмір сүріп жатқандай көшпен келген елді бөлектеп көрсетіп, «жұмыссыз қалған, үйсіз қалған, ауыр еңбек пен азапта қалған оралман!» деген тақырыптар ахпарат құралдарында қарша борады. Әлде бір дәншпан саясаткер өз кітабінда «бүгінгі билікті өзгертетін күш ол шеттен келген қазақтар!» деген ертегіні ойдан шығарып, көшпен келген елдің белсенділерін билікке қарсы айдап салды. Осындай ахпараттық соғыстың нәтижесінде билік тізгінін ұсап отырған кейбір Қазақтың басын қосуға іштей наразы болып отырған космополиттердің көктен тілегені жерден табылып, приздентке әр түрлі жағымсыз ахпарлар жеткізді. Сонымен Елбасы мен көшкен ел арасынан қара мысық жүгіріп өтіп, «сендер Қазақстанға алі еңбектерің сіңбеген адамсыңдар!» деген сөз де айтылды. Елбасы сөзін мемілекеттің саясаты деп түсінген атқа мінерлер «оралмандар сауатсыз!», «батыстағы ереуілді ұйымдастырған оралмандар!» деп арт- артынан маңырай бастады. Тіпті қызды-қыздымен «оралманды ұрып» жібергендер де болды.

6.«Көлденең көк аттылар» көші

Сонымен қалай айтып, кімді кіналасақта ұлттық мемілекетімізді нығайтатын үлкен жобаның бірі шеттен елге бағытталған Қазақ көші саябырсып тоқтау алдында тұр. Бырақ әлемде 9-орында тұратын жері бар даму мүмкіндігі күшті Қазақ елі кең байтақ даланы игеру үшін,жол- қатынас,теле -ұтқыр байланыс саласы даму үшін елге зор топтағы халық жане еңбек күш қажет. Алайда ол еңбек күштерді шетелден келген қандастарымыз арқылы толықтыру бүгінгі билік үшін түрлі ыңғайсыздықтар алып келді. Өздерін Қазақстанның толық қанды, тең құқылы мүшесі санайтын, билікке қажетті талап қоя білетін шетел Қазағы -«оралман»дарды әкелуден көрі бұл жерге тек жұмыс іздеп, жан бағу үшін немесе экономикалық жағдайын жақсартып, байлығын еселеу үшін келетін шетелдіктер, ақпа еңбек күштері әлде қайда тиімдірек еді. Осы жағдайды көзде ұстай отырып, өз байлығын еселегісі келетін Қазақ байлығы мен жерінің қожайындары енді арзан еңбек күшті Қазақтан іздеп қаңғырмай-ақ іргелес көрші отырған Өзбек, Тәжік елдерінен алуды жөн көрер еді. Алайда соңғы кезде Ресей, Белрус елдері де ұлтына қарамай ақ «оралман» қабылдауды қолға алуды бастап кеп жіберді. Сонымен Қазақстанға көз тігетін Өзбек, Тәжіктер біздің елге қарағанда әлеуметтік жағдайы пышақ сырты көрім, Ресей, Белрус елдеріне ағылды да, біз үшін арзан еңбек күштың жалғыз қайнары айдағардай тулаған, адамы қойдай шулаған Қытайдың адам мұхиты екенін анық сезіп отырмыз . Қытай мигранттары арқылы халық санын арттыру Қазақ еліне еш жаңалық емес. Бүл күнде ың-шыңсыз айқай-шу шығармай ақ, он мыңдап кезекке тұрмай ақ неше он мыңдаған Қытай Қазақстанға көшіп келіп, балалы- шағалы, үрімді-бұтақты болып өмір кешіп, алды Найман болып алған қытайлар туралы ахпарат құралдары жазыпта, айтып та жатыр.
Ала қабын арқалап,күй талғамай қандай жұмысты тындырып тастайтын Қытай шаруаларына Қазақтың түгін тартса майы шығатын жалпақ даласы жұмақтай сезілері сөзсіз. Шекараның ар жағында Қазақтар кезек күтіп, виза ала алмай, бірін -бірі «ұрып» жүргенде Қытай көші көзге көрінбей кедергісіз өте береді,өте береді,содан кейін милиондаған гактар даланы өз атына жазып алған алпауыттар тіл-ауыз жоқ, жұмыс істеуді ғана білетін Қытайларға жерді майға беріп тастап, елдегі сәнді сарайларында, Европадағы теңіз жағасындағы виллаларында аяқтарын аспанға көтеріп тастап Қазақтың ақ даласынан алтын сауып жата береді.
Міне у-шуы,дау-дамайы көп шеттегі Қазақтың көшінен «көлденең көк атты»ның көші әлде кімдерге әлде қайда пайдалы болса Елбасы бастаған «Нұрлы көш»-тың кімге керегі болмақ?өз құлқынын ғана ойлап,жеке тынштығын ғана ойлап,байлығын еселегенді ғана білетін тоғышарлар үшін Қазақ елінің ұлттық мемілекет болуы үшін басы үлкен арманмен басталған Елбасы бастаған тәуелсіз көштың «нұрлы көш»тың тиындық құны барма?оларға Қазақ еліне кімнің көші келседе бәрі бір…
Сосын Қазақ даласынан мұнай-газ, алтын-күміс, жер сауған алып қожайындар ыңғайсыз жағдайға қалса Европаға қарай аттың басын жіберіп, көштың бұйдасын тартады…
Несі бар, көшпей жүрген Қазақ емеспіз! көше береміз!
Көш байсалды болсын!

Поделиться в соц. сетях

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

Қазақ қазақ болғалы қаншама жаугершілікті, жан алысып, жан беріскен қилы замандарды бастан кешірді. Сондай қиын-қыстау жылдар қаншалықты көп болса да, ел басына күн туғанда қол бастап, ел тағдырын өзгерткен ұлы көсемдеріміз саусақпен санарлық.

Сол санаулы көсемдеріміздің ішінде халық жадында қалып, әлемге әйгілі болған хун көсемі Мөде Тәңірқұт, ұлы түрік көсемі Күлтегін, көшпенділердің ұлы көсемі, ұрпақтары Қазақ хандығының шаңырағын көтерген Шыңғысхан, Қазақ ордасын құрған Керей мен Жәнібек, «Қасым ханның қасқа жолын» қалыптастырған Қасым хан, «Есім ханның ескі жолын» қалыптастырған Есім хан…

Міне, осы саусақпен санарлықтай ұлы хандарымыздың бірі де, бірегейі де – Абылай хан. Биыл Абылай бабамыздың дүниеге келгеніне 300 жыл толып отыр. Бұл 300 жылдықтың желтоқсан көтерілісінің 25 жылдығы, тәуелсіздіктің 20 жылдығымен тұспа-тұс келуі жай кездейсоқтық емес, ұлы бабамыздың өз халқымен тілектес болған рухының куәсі.

Сонау қиын-қыстау заманда тәуелсіздікке қауіп төнгенде шыбын жанын шүберекке түйіп, даналықпен ел бастап, қайтпас қайсарлығымен бүгінгі тәуелсіз Қазақстан территориясынан екі есе үлкен ұлы даланы ұрпағына аманат еткен жоқ па? Егер сол кезде Хан Абылай ақ туын көтеріп, Қазақ хандығын қорғап қалмағанда бүгінгі Қазақстан елі болмас та еді ғой! Ендеше «Абылайдың асында шаппағанда, атамыздың басына шабамыз ба?» Қайдағы бір рудың тентегі мен телпегін «батыр» атап, ат шаптырып, ас беріп, ақындар айтысын оздырып жатқанда алты алаштың айбары ұраны болған Хан Абылайдың 300 жылдығы еш атаусыз қалып бара жатқанын қалай түсінуге болады? Себебі неде?

Соңғы кезде қазақ елінің тәуелсіздігін де, тарихын да тек 1991 жылдан бастап есептеп, қазақ еліне еселі үлес қосқан ұлы бабаларымызды ескермеу, елемеу етек алды. Тіпті әрі-беріден соң өткен тарихтағы бақилық болған бабаларымызбен бәсекелесу, бүгінгілерді өткен тарихпен салыстырып бағалау «модаға» айналды: «Қазақ елі бұрын-соңды мұндай көп ұлтты ел болып көрмеді», «Қазақ қазақ болғалы бүгінгі шекарада мемлекеттік болмаған, көрші елдерімен қағаз жүзінде шекара келісімі жасалмаған», «Қазақ қазақ болғалы Астанадай әлемге танылған қала салмаған», «Қазақ қазақ болғалы әлемдегі елдердің басын қосып, ұйым құрып, халықаралық ұйымға төраға болмаған»…

Иә, былай қарасаң еш өтірігі жоқ, шынайы айтылған сөз. Бірақ өткен тарихпен, өтіп кеткен бабалармен бәсекеге түсіп не табамыз? Егер осы даланы сол бабалар ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап, бізге аманат етпегенде сол «болмағандар» болар ма еді?

Егер осылай баба дәуірін ескермей, өткен ата-бабаларымызбен «жарысқа» түсе беретін болсақ, ертең өз тарихынан безінген тамырсыздар бұл жарысты былай жалғастырмасына кім кепіл: «Күлтегін исламға сенбей тәңіршіл болған, мен мұсылманмын! Ол бабам емес», «Шыңғысхан атпен жүрген, жеке машина міне алмаған, ал менде бар», «Әбу Насыр әл-Фараби орыс тілін білмейді, ал мен білемін», «Абай интернет дегенді, әлеуметтік желілерді білмейтін надан! Ал мен білемін», «Абылай өмірі самолетке мініп көрмеген, ал мен мінгенмін», «Әлихан Бөкейхан ұялы телефон қолданғанды білмеген, ал мен білемін».

Міне, осылай өткен дәуірдегі бабаларыммен «жарысқа» түсетін болсақ, бүгінгілердің кез-келгені бабаларынан «асып» түсетінін, «көргені» артық екенін біліп отырсыздар.

Хош, 2011 жыл да жылыстап өтіп бара жатыр. 1711 жылы дүниеге келіп, қазақты «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» атанған үлкен алапаттан, жер бетінен жоғалып кетуден аман алып қалған ұлы көсемімізді еске алмай, тамырымызға үңіліп, тарихқа бойламай, «аспаннан түскен» Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығын дүрілдетіп тұрып тойлармыз. Бірақ «өлі разы болмай, тірі байымайды» деген бабалар сөзін ұмытып қандай қамал аламыз?

«Бұрын анау болмаған, бұрын мынау болмаған!» деп, бабалармен жарысамыз деп, Абылай бабамыздың 300 жылдығын ескерусіз қалдырып бара жатқанмыз жанға батады

Поделиться в соц. сетях

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

Older Posts »